Елорда жаңалықтары

Әлем кубогы: 2 шілде күні қай боксшылар шығады

Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында ел құрамасынан тоғыз боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Күндізгі сессия қазақстандық уақытпен14:00, кешкі сессия 19:00-де басталады. Бұл жекпе-жектер «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Қазақстандық боксшылардың жекпе-жегі төмендегіше:
Күндізгі сессия
1 жұп (В рингі). Әйелдер. 48 келі. Назым Қызайбай - Фарзона Фозилова (2025 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Өзбекстан)
5 жұп (В рингі). Әйелдер. 51 келі. Алуа Балқыбекова - Дженнифер Лосано (Париж Олимпиадасының қатысушысы, АҚШ)
7 жұп (А рингі). Әйелдер. 80 келі. Гүлсая Ержан - Пуджа Рани (2 дүркін Азия чемпионы, Үндістан)
8 жұп (В рингі). Ерлер. 50 келі. Санжар Тәшкенбай - Шодай Кото (Жапония)
10 жұп (В рингі). Ерлер. 85 келі. Бекзад Нұрдәулетов - Лаклан Лоусон (Аустралия).
Кешкі сессия
2 жұп (А рингі). Әйелдер. 60 келі. Виктория Графеева - Гизем Озер (Париж Олимпиадасының қатысушысы, Түркия)
6 жұп (А рингі). Әйелдер. 65 келі. Аида Әбікеева - Дион Бёрман (Англия)
8 жұп (А рингі). Ерлер. 65 келі. Ертуған Зейнуллинов - Ахмет Пекел (Париж Олимпиадасының қатысушысы, Түркия)
11 жұп (А рингі). Ерлер. 90 келі. Сағындық Тоғамбай - Малачи Джорджес (АҚШ).