Ұландықтар біліктілігін шыңдады
Астана қаласында орналасқан 5573 әскери бөлімінің базасында офицерлердің оқу-әдістемелік жиыны өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Оқу-әдістемелік жиында барлығы 15 сабақ өткізілді. Сабақ уақыттарында үш баяндама жасалды, жеті дәріс оқылды. Әскери медицина қызметінің мамандары үшін «Damumed» және Астана қаласы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалының өкілдерінің қатысуымен төрт рет сабақ ұйымдастырылды. Мұның барлығы офицерлердің біліктілігі мен білімін арттыру үшін жасалған.
Оқу-әдістемелік жиынның қорытынды отырысына Бас қолбасшының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Қайрат Үмбетов арнайы қатысты. Ол Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақановтың медицина қызметі мамандарына қатысты талаптарын жеткізді. Сонымен қатар медицина қызметіне қатысты мәселелерге тоқталып, оларды шешу жолын талқылады.
Сонымен қатар Бас қолбасшысының атынан практикалық даярлықты сапалы өткізгені, лауазымдық міндеттерін адал атқарғаны және әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар офицерге алғыс жарияланды. Ал «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5451 әскери бөлімінің медициналық қызметінің жеке құрамы жеке құрамды медициналық қамтамасыз етудегі адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін дипломмен марапатталды.
-->Оқу-әдістемелік жиында барлығы 15 сабақ өткізілді. Сабақ уақыттарында үш баяндама жасалды, жеті дәріс оқылды. Әскери медицина қызметінің мамандары үшін «Damumed» және Астана қаласы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалының өкілдерінің қатысуымен төрт рет сабақ ұйымдастырылды. Мұның барлығы офицерлердің біліктілігі мен білімін арттыру үшін жасалған.
Дәрігерлердің оқу-әдістемелік жиынының алғашқы күні әскери-дәрігерлік комиссия, мемлекеттік сатып алу қызметі туралы сабақ өткізілді. Медициналық мақсаттағы дәрі-дәрмектерді қалай сатып алу керегі жайлы ақпарат берілді. Медициналық қызмет жұмыстарын ұйымдастыру туралы айтылды. Екінші күні тактикалық медицина бойынша сабақтар өткізілді. Қызыл, жасыл, сары аймақтарда жараланғандарға қалай медициналық көмек жеткізуге болатыны көрсетілді. Ал үшінші күні Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығында ату дайындық жаттығуларын орындадық. Мұндай жиындардың пайдасы орасан. Мысалы, жаңа бұйрықтармен немесе бұйрықтарға енгізілген өзгерістермен таныстырады. Пациенттер келген кезде қандай шағымдарға көңіл бөлінуі керектігі және оларды қалай тіркеу жайы да түсіндірілерді. Бұдан бөлек, дәрі-дәрмек сатып алудағы, оларды порталға орналастыру кезеңдеріндегі жаңашылдықтар баяндалады. Өйткені уақыт өткен сайын ескі ақпараттар жаңарып, жаңашылдықтар орын алып жатады, - деді 5513 әскери бөлімі медицина қызметінің бастығы медицина қызметінің майоры Қазыбек Мәлтай.