Крещение мерекесі Астананың барлық шіркеулерінде атап өтіледі
Жыл сайын 19 қаңтарда елорда тұрғындары мен қонақтары «Крещение Господня» православтік мерекесін атап өтеді, оның барысында мұзойықтарда жаппай шомылу ұйымдастырылады, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл мереке жаппай сипатқа ие болып, суға шомылуға келетіндердің саны жыл сайын артып келеді. Мереке Астана қаласының барлық православие шіркеулерінде өтеді. Олар: Успен кафедралды соборы (Күйші Дина көшесі, 27), Константин-Еленин шіркеуі (Республика даңғылы, 12), Серафим Саровтың шіркеуі (Бөгенбай батыр даңғылы, 8).
18 қаңтар күні сағат 19.00-де Константин-Еленинский соборынан, Ғұмар Қараш көшесі бойымен Есіл өзеніне дейін діни шеру (Крестный ход) өтеді. Жаппай шомылуға арналған ойықтар Есіл өзенінің сол жағалауындағы «Астаналық» саябағының жағалауында (орталық жағажай) орнатылды. Бұл жерлерге 18 қаңтар сағат 20:00-дан бастап 19 қаңтар 02:00-ге дейін баруға болады. Сондай-ақ, жаппай шомылу 19 қаңтар таңғы 8:00-ден сағат 23:00-ге дейін жалғасатын болады.
Сонымен қатар мамандар шомылуға арналған орындарда ғана суға түсуге шақырып, қауіпсіздік ережелерін еске салды. «Крещение Господня» мерекесі кезеңінде жаппай шомылуға қатысатын елорда халқының қауіпсіздігін жүзеге асыру мақсатында, іс-шаралар өткізілетін жерлерде Астана қаласы ТЖД, жедел-құтқару жасағының және Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері күшейтілген тәртіпте кезекшілік атқарады. Іс-шараға жеке құрамнан 38 адам және 4 бірлік техника жұмылдырылады. Шара өтетін орында шомылуды ұйымдастырушылар мен қатысушылар үшін қосымша нұсқамалар өткізіледі.
-->Бұл мереке жаппай сипатқа ие болып, суға шомылуға келетіндердің саны жыл сайын артып келеді. Мереке Астана қаласының барлық православие шіркеулерінде өтеді. Олар: Успен кафедралды соборы (Күйші Дина көшесі, 27), Константин-Еленин шіркеуі (Республика даңғылы, 12), Серафим Саровтың шіркеуі (Бөгенбай батыр даңғылы, 8).