Елорда жаңалықтары

Көлік министрі елордалық оқушылармен кездесу өткізді

Астаналық оқушылар үшін көлік саласы туралы ақпарат алуға бірегей мүмкіндік берілді. Көлік министрлігінің басшысы Transport Towers ғимаратында Астана мектептерінің түлектерімен «ашық микрофон» форматында кездесу өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараға көлік саласының жетекші компаниялары қатысты. Кездесу барысында сарапшылар жинақтаған көп жылғы тәжірибелерімен бөлісіп, көлік мамандықтарының қыр-сырын айтып берді. Көлік мамандығын игеру үшін үшін қандай дағдылардың қажет екенін, бұл сектор кәсіби даму барысында қандай мүмкіндіктер беретіні жайлы, сондай-ақ жас мамандарды қандай сын-қатерлер мен перспективалар күтетіні турасында әңгіме өрбіді.

Сөз кезегінде салалық жоғары оқу орындарының өкілдері логистика, авиация, теңіз және автомобиль көлігі сияқты көліктің түрлі салаларында мамандарды даярлауға бағытталған оқыту бағдарламалары туралы ақпаратпен бөлісті.

Қазіргі уақытта Көлік министрлігі сала мамандарын даярлау мәселесіне баса назар аударып отыр. Айта кетерлігі, бүгінгі таңда білікті кадрлар тапшылығы маңызды мәселе болып отыр. Жалпы авто, теміржол және авиация мамандарына деген қажеттілік шамамен 9 мың маманды құрайды. Бұл ретте 39 ЖОО-да 16 мыңнан астам студент осы бағыт бойынша білім алып жатқанын айта кеткен жөн. Оның ішінде, «Автомобиль жолдары мен әуеайлақтар құрылысы», «Көпірлер мен көлік тоннельдерін салу», «Теміржолдар құрылысы» мамандықтары бойынша еліміз бойынша бар-жоғы 441 студент білім алады.

Бүгінгі таңда Көлік министрлігі Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, аталған мамандықтар бойынша бөлінетін грант санын ұлғайту бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.

-->

Мемлекет басшысы еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін нығайту ісіне барынша күш салуды тапсырды. Кәсіби мамандар кез келген саланың табысты дамуының кепілі болып табылады. Бұл кездесуді көлік саласының қоғамдағы атқаратын рөлін айқындап, кейінгі толқынға бағыт-бағдар беру мақсатында ұйымдастырдық. Осы ретте аталған саланы дамытуда кадрлық әлеует мәселесі маңызды рөл атқаратынын және саланың болашағы сіздердей жас мамандарға тікелей байланысты екенін атап өткен орынды, – деді Марат Қарабаев өз сөзінде.