Елорда жаңалықтары

Көктал-2 шағын ауданынан 22 тоннадан астам қоқыс шығарылды

Астанада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы жалғасып жатыр. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «Жасыл Ел» еңбек жасақтары Сарыарқа ауданындағы «Көктал-2» шағын ауданынан 22 тоннадан астам қоқыс шығарды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Биыл «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының XX еңбек маусымы басталды. Жоба аясында елорда бойынша 4200-ден астам 14 пен 35 жас аралығындағы жастар жұмыспен қамтамасыз етілді.

Жастар қаламыздың құрылыс нысандарында, қала маңындағы «жасыл белдеуде», әлеуметтік нысандарды, жалпы білім беретін мекемелер аумағында, қала саябақтарында, көгалдандыру жұмыстарына атсалысты.

Экоакция нәтижесінде Сарыарқа ауданы аумағынан 22 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Акция қоқысты жинаумен шектелмейді, сондай-ақ халықтың экомәдениеті мен мінез-құлқын қалыптастыруға, жаңа экологиялық әдеттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Осыған орай Астана қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Көктал-2 шағын ауданында «Таза дүйсенбі» акциясы өтті. Акцияға 100-ден астам ерікті қатысты. Мұндағы басты мақсат – таза қала мәдениетін қалыптастыру.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда.

Ауқымды экоакция шеңберінде қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріздерін тазарту, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, жасыл желектерді күтіп ұстау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды орнату жұмыстары жүргізілуде.

-->

«Тазалық әр адамның өзінен және айналасын таза ұстаудан басталады. Осыған орай бүгінгі акция аясында жастармызбен бірге қала аумағын тазартып жатырмыз. Осылайша біз өзіміздің қалаға деген махаббатымызды тазалықпен көрсеткіміз келді. Астана біз үшін жайлы қала. Оның тазалығын, қауіпсіздігін сақтау әрбір тұрғынның парызы болуы керек», – дейді «Республикалық студенттік құрылыс және жастар жасақтары қозғалысы» төрағасының орынбасары Асылбек Абдурашитов.