Елорда жаңалықтары

Әкімдік автобус парктерін субсидияламаса, жолақысы 300 теңге болатын еді – елорда әкімі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында қаладағы автобус жолақысы жайлы айтты, деп хабарлады Elorda.info.

 

Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ

-->

 

Қала тұрғындарының саны көбейді. Соған орай автобустарды көбейтіп жатырмыз. Егер әкімдік автобус парктерін субсидияламаса жолақысы 300 теңге болатын еді. Сондықтан әкімдік жыл сайын қаладағы автобус парктерін субсидиялайды. Қазір жолақысы 90 теңге, егер қолма-қол төлейтін болса онда 180 теңге. Негізі тәулігіне 1 500 автобус қызмет көрсетуі керек. Бүгінде қалаға 70 автобус жеткізілді. Алдағы уақытта тағы 70 автобус жеткізіледі, - деді елорда әкімі.

Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ