Елорда жаңалықтары

«Киімімді ғана алдым»: Тұрсын Алагөзов бұрынғы жұбайымен қалай ажырасқанын айтты

Белгілі кәсіпкер әрі меценат Тұрсын Алагөзов экс-әйелі Ляйсира Маратпен некесінің аяқталуы туралы алғаш рет ашық айтып, 27 жыл бірге өмір сүрген жұбайымен қандай жағдайда айырылысқанын баяндады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Бұл туралы ол Айсәуле Бақытбекке берген сұхбатында айтты.

«46 жасымда 27 жыл бірге өмір сүрген, балаларымның анасы болған әйеліммен ажырастым. Бұл шешім маған оңай соқпады. Мен оған бұрынғыдай қамқор бола алмайтынымды, сүйіспеншілігімнің таусылғанын түсіндім», – деді кәсіпкер.

Оның айтуынша, ажырасу процесі де жеңіл болмаған.

«Біз мүлікті бөлісе бастадық. Қызымыз Аминка екеуіміздің арамызда делдал болды. Біз компанияның жартысын береміз деп келістік. Бірақ бұрынғы жұбайым: “Сен өз үлесіңді бердің, енді маған қалған 50 пайызын заңды түрде жазып бер” деді. Сөйтіп, мені толықтай иеліктен айыруға тырысты. Осы жағдайдан кейін, мен ештеңе дауласпай, тек киім-кешегімді алып, басқа пәтерге кетіп қалдым», – деп еске алды Тұрсын Алагөзов.