Кентауда «Хизб-ут-Тахрир» діни-экстремистік ұйымының мүшелері ұсталды
ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлінісі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп Кентау қаласында «Хизб-ут-Тахрир» діни-экстремистік ұйымының жасырылған тобын анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында топ мүшелерінің терроризм идеяларын насихаттау, сондай-ақ діни көзқарасты қорлау фактілері анықталды. Топ мүшелері «Хизб-ут-Тахрир» шетелдік радикалды уағызшыларының дәрістерін алу және тарату үшін интернет-ресурстарды пайдаланған.
Топ жетекшісі бұған дейін тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін сотты болған. Жүргізілген шаралар нәтижесінде 10 күдікті ұсталды. Олардың тұрғылықты жерлерін тінту кезінде діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.