«Кедергісіз келешек»: елордалық мониторинг тобы емханаларда болды
Amanat партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мониторинг жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Мұндағы мақсат – ерекше қажеттілігі бар жандардың өмір сапасын арттыру және оларға қолайлы орта қалыптастыру.
Елордада мониторинг тобы «City» емханасында және Балаларды оңалтудың ұлттық орталығында болды.
-->Amanat партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мониторинг жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Мұндағы мақсат – ерекше қажеттілігі бар жандардың өмір сапасын арттыру және оларға қолайлы орта қалыптастыру.
Елордада мониторинг тобы «City» емханасында және Балаларды оңалтудың ұлттық орталығында болды.
Ерекше қажеттілігі бар жандардың кез келген жерге кедергісіз кіріп-шығуы – аса маңызды мәселе. Өкінішке қарай, кіреберістегі қолайсыздыққа байланысты ескерту алған мекемелер де бар. Біз бәрін анықтап, тиісті органдарға арнайы анықтама жібереміз, – деді партияның Астана қалалық филиалындағы «Кедергісіз келешек» жобасының жетекшісі Бәзілхан Әбдіғани.