Қазақстанда Еуропалық иммундау апталығы басталды
21-27 сәуір аралығында «Вакцина - өткен, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін денсаулықты қорғау» ұранымен иммундау апталығы өтеді. Бұл туралы қалалық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлады Elorda.Info.
Биылғы жылы иммундау апталығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының иммундау жөніндегі кеңейтілген бағдарламасының 50 жылдығына және Қазақстандағы ұлттық иммундау бағдарламасының 30 жылдығына арналған.
Сонымен қатар ол халықты жоспарлы иммундауда Қазақстанда мемлекеттік тіркеу рәсімінен өткен вакциналар қолданылатынын айтты.
Естеріңізге саламыз, 2013 жылдан бастап Қазақстанға әкелінетін вакцинаның әрбір партиясын олардың сапасы мен қауіпсіздігін бағалай отырып міндетті сертификаттау енгізілді.
-->Биылғы жылы иммундау апталығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының иммундау жөніндегі кеңейтілген бағдарламасының 50 жылдығына және Қазақстандағы ұлттық иммундау бағдарламасының 30 жылдығына арналған.
Апталықтың негізгі мақсаты жұқпалы ауруларға қарсы алдын алу шараларының бірі ретінде иммундаудың маңыздылығы туралы халықтың хабардар болуын арттыру. Біздің еліміз вакцинаның көмегіне мұқтаж әрбір жанға мүмкіндік беру үшін барлық жағдай жасайды, - деді Сархат Бейсенова.