Елорда жаңалықтары

Қаржы министрлігінің лауазымды тұлғаларына пара беруге итермелеген азамат 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты елордадағы ЖШС-нің бірінде директор болған азаматқа қатысты үкім шығарды. Оған аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады және аса ірі мөлшерде пара беруге итермеледі деген айып тағылған, деп хабарлады Elorda.info.

Сотталушы М. есімді азаматты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін төленген салықтардың көрсеткішін ұлғайту мәселесін шешу бойынша Қаржы министрлігінің лауазымды тұлғаларына 65 млн теңге беру қажеттігін айтып сендірген. Әрі ол өзін қаржы вице-министрінің көмекшісі ретінде таныстырғаны белгілі болды.

Астана қалалық сотының мәлімдеуінше, жәбірленушіге 65 млн теңгені Қаржы министрлігінің лауазымды тұлғаларына бергенін айтып, ақшаны өзі жымқырған.  

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

-->

«Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен, сараптамалардың қорытындыларымен, сондай-ақ қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді. Барлық мән-жайларды ескере отырып, сот үкімімен К. мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 10 жылға сотталды», - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.