Кальян шеккендерге 300 мың теңге айыппұл салынды
Елорданың "Байқоңыр" ауданында кальян барына ауқымды рейд жүргізілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бір түнгі аралау барысында 5 тұлғаға 300 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
«Байқоңыр» ауданында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 441-бабына сәйкес қоғамдық тамақтану орындарында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянды тұтыну фактілерінің алдын алу және жолын кесу бойынша рейдтік шаралар жалғасуда.
Жыл басынан бері "Байқоңыр" ауданында қоғамдық тамақтану орындарында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянды тұтыну бойынша барлығы 54 факті анықталған.