Елорда жаңалықтары

Қалдаяқов көшесіндегі жол қозғалысы уақытша өзгертіледі

Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

LRT құрылысы жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес, магистральді жүріс бөлігіне іргелес учаскелерде Астана қаласы Полиция департаментінің келісімі бойынша Ш.Қалдаяқов көшесі бойындағы жол қозғалысына өзгеріс енгізіледі.

26 сәуірден 16 шілдеге дейін М3 көпірінен Ж.Нәжімеденов көшесіне (И.Панфилов көшесі) дейінгі аралықта құрама темірбетон арқалықтарды монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін Ш.Қалдаяқов көшесіндегі қозғалыс ішінара шектеледі және қозғалыс жолақтары қысқартылады.

Бұл ретте тыйым салынады:

- М3 көпірінен Тәуелсіздік даңғылына қарай тура жүруге;

- М3 көпірінен Ж.Нәжімеденов көшесіне солға қарай бұрылуға;

- И.Панфилов көшесінен М3 көпіріне солға қарай бұрылуға;

- Ж.Нәжімеденов көшесінен Ш.Қалдаяқов көшесіне солға қарай бұрылуға.

Рұқсат етіледі:

- М3 көпірінен оң жақ съез арқылы И.Панфилов көшесіне бұрылуға;

- И.Панфилов көшесінен Ш.Қалдаяқов көшесіне оң съез арқылы бұрылуға.

- 26 сәуірден 18 мамырға дейін Ж.Нәжімеденов көшесінен (И.Панфилов көшесі) Тәуелсіздік даңғылына дейінгі аралықта құрама темірбетон арқалықтарды монтаждау жұмыстарын орындау үшін Қалдаяқов көшесіндегі қозғалысқа толық шектеу енгізіледі. Бұл ретте:

- «Француз кварталы» ТК, «Итальяндық квартал» ТК, «Аустриялық квартал» ТК, «Monaco Residense» ТК тұрғындары үшін жергілікті жол арқылы оңтүстік бағыт бойынша автокөлік қозғалысына рұқсат етіледі;

- Ш.Қалдаяқов көшесінің негізгі жүріс бөлігіне жергілікті жолдан шығуға, сондай-ақ Ш.Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына солға және оңға бұрылуға тыйым салынады;

- Тәуелсіздік даңғылынан М3 көпіріне қарай батыс бағытта көлік қозғалысы жолақтарды қысқарту жолымен жүзеге асырылады.

Бұл ретте Ж.Нәжімеденов көшесі (И.Панфилов көшесі) және Тәуелсіздік даңғылы бойында өтпелі қозғалыс ашық болады.

Жол қозғалысын ұйымдастырудың сызбасын Instagram @cts_kz парақшасындағы Taplink-тен көруге болады.

-->

Елорда қонақтары мен тұрғындары жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз, - делінген хабарламада.