Елорда жаңалықтары

Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жөндеуге жабылады

Астанада Қабанбай батыр даңғылының Алматы көшесінен Орынбор көшесіне дейінгі бөлігінде жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлады Elorda.info.

Осыған байланысты 18 маусым сағат 21:00-ден 19 маусым сағат 21:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады (оның ішінде Керей-Жәнібек хандар көшесі – Қабанбай батыр даңғылы қиылысы).

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұрайды.

-->