Елорда жаңалықтары

Көшпенділер ойындарына қатысушы елдердің саны артты – Ерлан Каналимов

Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Кеше Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ресми түрде басталды. Ойындардың ашылу салтанаты Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Астана Аренада» өтті. Ашылу салтанатының құрметті қонақтары Өзбекстан, Қырғызстан және Моңғолия президенттері, сондай-ақ басқа да құрметті қонақтар болды. 13 қыркүйекке дейін 89 елден келген спортшылар 21 спорт түріндегі ең үздіктер қатарына ену үшін таласады. Барлығы 97 медаль жиынтығы ойналады. Жарысқа 370 төреші қатысады.

Бір қызығы, Қазақстанда қатысушы елдердің саны алдыңғы ойындармен салыстырғанда артты. Атақты Димаш Құдайберген өнер көрсеткеннен кейін қатысушы елдер командаларының шеруі өтті, содан кейін көрермендердің назарына Астананың шығармашылық ұжымдарының дайындаған театрландырылған қойылымы ұсынылды», - деді Е.Каналимов.

Ол, сондай-ақ, елорданың бірнеше спорт алаңдарында көптен күткен жарыстар болатынын айтып, қала тұрғындарын спортшыларды қолдауға шақырды.