Елорда жаңалықтары

Көрісу күні Атырау тұрғындары автобуста тегін жүреді

Атырау қаласында 14 наурыз – Көрісу күні және 22 наурыз – Наурыз мерекесі күндері барлық қоғамдық көліктер қала тұрғындары мен қонақтарын тегін тасымалдайды, деп хабарлады Elordainfo.kz azh.kz-ке сілтеме жасап.

«Мерекелік күндерге орай ұйымдастырылған бұл шара тұрғындардың туған-туыстарымен еркін қауышуына жағдай жасап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлауды мақсат етеді. Тегін тасымал қызметі тек Атырау қаласында ғана емес, қалаға қарасты ауылдық округтерді де қамтиды. Қоғамдық автобустар таңертеңнен кешке дейін қалыпты кестемен жүреді», - деді Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Еске сала кетейік, Атырауда Наурыз мерекесіне арналған мәдени-көпшілік іс-шаралар 14 наурыздан 22 наурызға дейін өтеді деп жоспарланған.