Көпбалалы аналар құрметті атаққа ие болды
Ел Президентінің жарлығымен 4 анаға құрметті атақ берілді, деп хабарлады Elorda.info Нұра ауданы әкімдігіне сілтеме жасап.
Әкімдікте жеті баланы тәрбиелегені үшін екі анаға «Алтын алқа», алты баланы өсіріп жатқан тағы екеуіне «Күміс алқа» табысталды.
«Нұра» ауданының әкімі Жүсіп Жұмағұлов аналарды ордендерімен құттықтады.
-->
Әкімдікте жеті баланы тәрбиелегені үшін екі анаға «Алтын алқа», алты баланы өсіріп жатқан тағы екеуіне «Күміс алқа» табысталды.
«Нұра» ауданының әкімі Жүсіп Жұмағұлов аналарды ордендерімен құттықтады.
-«Сіздер үйдің де, түздің де шаруасын қатар алып жүріп, елдің болашағына өзіндік үлес қосып келесіздер. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген көпбалалы аналар қауымы ел ертеңіне нәр беріп келеді. Сіздерге алғыс білдіремін!» - деп атап өтті ол өз сөзінде.