Көлік вице-министрі елордалықтармен кездесу өткізеді
27 желтоқсан күні ҚР Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Қайыржанұлы Астана қаласының тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Күн тәртібіне сәйкес ҚР Көлік министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер қаралады.
Кездесу сағат 09:00-де Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайында орналасқан «Транспорт Тауэр» ғимаратында өтеді.
«Елорда тұрғындарын кездесуге шақырамыз. Толық ақпарат алу үшін +7 707 808 60 70 телефон нөмірінен білуге болады», - делінген хабарламада.