Көктайғақ кезінде не істеу керек
Астанада ауа температурасы төмендеп, жаңбыр мен қар жауады деп күтілуде. Қала көшелеріндегі температураның күрт өзгеруіне байланысты асфальт пен тротуарларда мұз қабаты пайда болуы мүмкін, деп хабарлады Elordainfo.kz Нұра ауданының әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
Денсаулыққа қауіпті азайту үшін тұрғындар бірнеше ережелерді сақтауы керек.
Ауа райына сай киініңіз. Абайлап, баяу, бүкіл табанды басып қозғалыңыз.
Егде жастағы адамдарға резеңке ұшы бар таяқ немесе үшкір ұштары бар арнайы таяқшаны пайдалану ұсынылады. Көшеде мұз бен қар аз бағытты таңдаңыз және мұз басқан жерлерді айналып өтіңіз. Егер бұл мүмкін болмаса, аяғыңызды жерден көтермей, баяу қадамдармен жүріңіз.
Ғимараттардың қабырғаларына жақын жүру қауіпті, себебі құлап қалсаңыз қабырғаға соғылуыңыз мүмкін.
Жаяу жүргіншілер өткелінен жолды кесіп өткенде абайлаңыз, көліктің тоқтағанына көз жеткізіңіз, содан кейін ғана жолды кесіп өтіңіз.
Тайып құласаңыз, қолыңызбен тепе-теңдікті сақтауға тырысыңыз. Көктайғақ кезінде электр желілерінің сымдарына ерекше назар аударыңыз. Үзілген сымдарға немесе тербеліп тұрған заттарға (ағаштарға) жақындамаңыз. Сымдар үзілгенін көрсеңіз, бізге хабарлаңыз.
Жарақат алсаңыз қалай әрекет ету керек: 1)травматологиялық орталыққа немесе жедел жәрдем бөліміне барыңыз. 2)Есіңізде болсын: арқамен, етбетімен құлау – қауіпті, өйткені ми шайқалуы мүмкін.
Егер сіз жарақат алсаңыз, медициналық көмек алу үшін міндетті түрде дәрігерге хабарласыңыз. Төтенше жағдайда 103 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.