«JOLTAP» жобасында интернет-сауданың қыр-сырын үйрендік – жоба қатысушысы
Биыл қыркүйек айынан бастап іске қосылған «JOLTAP» әлеуметтік жобасы күні бүгінге дейін нәтижелі жалғасып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Соның арқасында астаналықтар қысқа мерзімді бағдарламалар арқылы белгілі бір кәсіп түріне тегін оқуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, елордалық әкімдіктің бастамасымен қолға алынған жоба аясында мемлекеттік қолдау шаралары, атаулы әлеуметтік көмек, бизнес ашуға құжаттарды ресімдеу және жұмыс табу үшін кеңес беріледі.
«JOLTAP» жобасы аясында қала тұрғындары екі қысқа мерзімді бағдарлама бойынша тегін білім ала алады. Бірінші бағдарлама наубайшы, бариста, сатушы-кассир, қоғамдық тамақтандырудың әмбебап қызметкері, тігінші сияқты 5 жұмысшы мамандығын оқытуға арналған. Екінші бағдарлама – «Freelance мүмкіндік» деп аталады, бұл 7 цифрлық дағдыларды оқытуды ұсынады. Олар: таргетолог, SMM, видеограф, маркетплейс менеджері, мобилограф, графикалық дизайнер және веб-дизайнер.
Жобаға қатысып, курс оқып, өз кәсібін қолға алғандардың бірі - Ғамзат Иманмағзамов.
Ең бастысы, елорда тұрғындары үшін оқыту тегін. Оқу мерзімі бағдарламаға байланысты он күндік курстан бір жарым айға дейінгі уақыт аралығында.
Сондай-ақ қысқа мерзімді оқыту бағдарламалары 18-50 жас аралығындағы Астана тұрғындары үшін қолжетімді. Оқу аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификат беріледі. Қазіргі уақытта оқушылар арасындағы негізгі санаттың 60% - дан астамы - 35 жасқа дейінгі жұмыссыз тұрғындар.
«JOLTAP» әлеуметтік жобасы аясында жүгінгендердің 1200-ге жуығы халықтың әлеуметтік осал топтарына жатады.
Жоба туралы бұдан да кеңірек ақпаратты қала тұрғындары «Баршаға мүмкіндік» модульдік пункттерінен ала алады.
-->Биыл қыркүйек айынан бастап іске қосылған «JOLTAP» әлеуметтік жобасы күні бүгінге дейін нәтижелі жалғасып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Соның арқасында астаналықтар қысқа мерзімді бағдарламалар арқылы белгілі бір кәсіп түріне тегін оқуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, елордалық әкімдіктің бастамасымен қолға алынған жоба аясында мемлекеттік қолдау шаралары, атаулы әлеуметтік көмек, бизнес ашуға құжаттарды ресімдеу және жұмыс табу үшін кеңес беріледі.
«JOLTAP» жобасы аясында қала тұрғындары екі қысқа мерзімді бағдарлама бойынша тегін білім ала алады. Бірінші бағдарлама наубайшы, бариста, сатушы-кассир, қоғамдық тамақтандырудың әмбебап қызметкері, тігінші сияқты 5 жұмысшы мамандығын оқытуға арналған. Екінші бағдарлама – «Freelance мүмкіндік» деп аталады, бұл 7 цифрлық дағдыларды оқытуды ұсынады. Олар: таргетолог, SMM, видеограф, маркетплейс менеджері, мобилограф, графикалық дизайнер және веб-дизайнер.
Жобаға қатысып, курс оқып, өз кәсібін қолға алғандардың бірі - Ғамзат Иманмағзамов.
Мен «JOLTAP» жобасында «Маркетплейс: Wildberries-те сату» бағдарламасы бойынша курстан өттім. Ұстазымыз курсты өте керемет өткізді. Сабақтан соң ой туып, үйдегілерге интернетте «Wildberries» арқылы сауда жасауға болатынын айттым. Бүгінде Қытайдан тапсырыс жасап, тауар тосып отырмыз. Тауарымыз келгеннен кейн маркетплейске шығамыз деген жоспарымыз бар. Осылайша интернет-сауданың қыр-сырын үйрендік. Осындай мүмкіндіктің көзін нұсқап, табыс табудың жолын көрсеткен жобаға, ұстазымызға алғысым зор. Алдағы күнде отбасымызбен ойлаған ісімізді жүзеге асырамыз деген сенімдеміз, - дейді жоба қатысушысы Ғамзат Иманмағзамов.