«JOLTAP» жобасы аясында елордалық келіншек өз кәсібін ашты
Астанада жұмыссыз азаматтарға жұмыс табуға және қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін «JOLTAP» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылып жатыр. Елорданың 18 бен 50 жас аралығындағы кез келген тұрғыны JOLTAP жобасы аясында мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқытудан тегін өтіп, жаңа жұмыс таба алады, деп хабарлады Elorda.info.
Жобаның басты мақсаты – астаналықтарды өзекті мамандықтарға оқыту және жұмысқа орналасуға көмектесу. Жоба түлектерінің бірі – Асия Шертаева. Қазір ол сүйікті ісімен айналысады және жаңа дүниелерді үйренуді жалғастырып жатыр.
Оның айтуынша, ол жоғары оқу орнын экономист-финансист мамандығы бойынша бітірген. Алайда, отбасылық жағдайларға байланысты мамандығы бойынша жұмыс істей алмаған.
50 жастағы Асия жас келген сайын бұл салада жұмыс істеу қиын екенін мойындады. Сондықтан ол жаңа мамандықты үйренуге шешім қабылдаған.
Спикердің айтуынша, сатушы-кассирдің жұмысы оңай деген пікір қате, өйткені бұл мамандықтың да өз қиындығы бар.
Курстың соңында жоба түлектеріне жұмыс орны ұсынылады.
Асия Шертаева өз дүкенің ашып, қазіргі уақытта бизнестен ақша тауып жүр.
Асия әлі де білім алуды тоқтатпайды. Қосымша курс ретінде ол бухгалтерлік есеп негіздері бағытын таңдаған.
Қазіргі таңда жоба аясында елорданың 2 мыңнан астам тұрғыны түрлі мамандықтар бойынша оқыту курстарынан өтті.
Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен жүзеге асырылып жатыр. Жоба кез келген қала тұрғыны үшін қолжетімді.
Аударған: Нурия Куанышкалиева, Аруза Боранбаева
-->

Мен бірнеше жыл қоғамдық тамақтану орындарында жұмыс істедім. Осылайша, бір күні жұмыстан шығып, «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктін байқап, бағдарлама туралы толық ақпарат білдім, - дейді Асия Шертаева.
50 жастағы Асия жас келген сайын бұл салада жұмыс істеу қиын екенін мойындады. Сондықтан ол жаңа мамандықты үйренуге шешім қабылдаған.
Осы салада жұмыс істеген уақытта мен өз ойымды және өмірге деген көзқарасымды өзгерткім келді. Мен сатушы-кассир мамандығын оқуды жөн көрдім. Кешке үйге келіп, келініммен сөйлестім, нәтижесінде біз сатушы-кассир мамандығына бірге оқып, болашақта өз бизнесімізді ашамыз деп шештік. Осылайша модульдік пунктке барып, мамандық бойынша бір апталық оқуға жазылдық, - деп бөлісті ол.
Спикердің айтуынша, сатушы-кассирдің жұмысы оңай деген пікір қате, өйткені бұл мамандықтың да өз қиындығы бар.
Бір қарағанда көптеген адамдар сатушы-кассирдің жұмысы оңай деп ойлайды. Дегенмен, оқытудың өзіндік әдістемесі мен белгілі бір теориялары бар. Әрқашан жаңа нәрселерді үйрену маңызды, себебі біз әлі көп нәрсені білмейміз. Осындай мүмкіндік үшін JOLTAP бағдарламасына алғыс айтқым келеді, соның арқасында біз барлық қажетті ақпаратты алдық, - дейді Асия Ш.
Курстың соңында жоба түлектеріне жұмыс орны ұсынылады.
Асия Шертаева өз дүкенің ашып, қазіргі уақытта бизнестен ақша тауып жүр.
Келініміз екеуміз сертификат алып, шағын бизнесімізді бастауға шешім қабылдадық. Қазір бізде кассалық машинаны орнатқан өз азық-түлік дүкеніміз бар. Енді мен бухгалтер мамандығын оқуды мақсат етіп қойдым, себебі мен өзім есептер жазып, құжаттармен жұмыс жасағым келеді. Жұмыс барысында біз өз қабілеттерімізді жақсартуға және жаңа нәрселерді үйренуге тырысамыз. Менің ойымша, жаңа нәрселерді үйрену ешқашан кеш емес, - дейді ол.
Асия әлі де білім алуды тоқтатпайды. Қосымша курс ретінде ол бухгалтерлік есеп негіздері бағытын таңдаған.
Жақында бухгалтерлік есеп негіздерін қысқа мерзімді оқытуға жазылу үшін "Баршаға мүмкіндік" модульдік пунктіне жүгіндім. Алайда, маған бұл бағыт уақытша қолжетімді емес және кейінірек жазылуға болатынын айтты. Енді осы бағыттың басталуын күтемін. Сатушы-кассир курстарында бір апта оқығанда з барлық қажетті ақпаратты алдық, риза болдым. Қазір барлық таныстарыма "Баршаға мүмкіндік" модульдік пункті туралы айтып, қысқа мерзімді оқыту курстарынан өтуге кеңес беріп жүрмін, - деп бөлісті Асия Шертаева.