«JOLTAP» жобасы: Елордада екі жарым мың азаматқа кеңес берілді
«JOLTAP» жобасы аясында астаналықтар мемлекеттік қолдау шаралары және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жайлы ақпарат алды, деп хабарлады Elorda.info.
«Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктері арқылы 52 мемлекеттік қолдау шарасы бойынша 2 500 адам кеңес алып, әкімдікке көмек алу үшін өтінім жіберді. Бизнес ашу үшін грант пен микроқаржыландыру бағдарламарына қатысуға 570 адам өтінім жасады. Модульдік пункттердің консультанттары тұрғын үй бағдарламалары, бизнесті қолдау, әлеуметтік көмек және еңбекпен қамту сұрақтары бойынша жан-жақты ақпарат береді.
«JOLTAP» жобасы аясында қала тұрғындары екі қысқа мерзімді оқу бағдарламалары бойынша білім ала алады. Бірінші бағдарлама арқылы азаматтар сауда, құрылыс, қызметтер салаларында сатушы-кассир, тігінші сияқты жұмысшы мамандықтарына оқи алады. Оқу бағдарламасы бизнес көшбасшыларының талаптары мен стандарттарына сай құрастырылған. «Freelance мүмкіндік» атты екінші бағдарлама қазіргі кезде нарықта сұранысқа ие цифрлық мамандықтарды үйретеді.
«Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктерінде азаматтар келесі мекенжайлар бойынша кеңес алып, оқуға жазыла алады:
«Ailand» ОДО, Қорғалжын тасжолы, 2;
«Magnum» супермаркеті, Еділ көшесі, 26;
«Жастар» сарайы Республика даңғылы, 34;
«Тұлпар» СО Ш.Уәлиханов көшесі, 24;
«Euromall» СҮ, Қосшығұлұлы көшесі, 24;
«Встреча» СҮ Абылай хан даңғылы, 31;
«Mechta» СҮ, Сығанақ көшесі, 3;
«Азия парк» СОО Қабанбай батыр даңғылы, 21;
«Саянұр» базары Тілендиев даңғылы, 24/5;
«Big Шанхай» базары, Алаш тасжолы, 32а.
Модульдік пунктер күн сайын әрі демалыссыз жұмыс істейді. Жобаның барлық құралдары толығымен тегін.
-->«Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктері арқылы 52 мемлекеттік қолдау шарасы бойынша 2 500 адам кеңес алып, әкімдікке көмек алу үшін өтінім жіберді. Бизнес ашу үшін грант пен микроқаржыландыру бағдарламарына қатысуға 570 адам өтінім жасады. Модульдік пункттердің консультанттары тұрғын үй бағдарламалары, бизнесті қолдау, әлеуметтік көмек және еңбекпен қамту сұрақтары бойынша жан-жақты ақпарат береді.
«JOLTAP» жобасы аясында қала тұрғындары екі қысқа мерзімді оқу бағдарламалары бойынша білім ала алады. Бірінші бағдарлама арқылы азаматтар сауда, құрылыс, қызметтер салаларында сатушы-кассир, тігінші сияқты жұмысшы мамандықтарына оқи алады. Оқу бағдарламасы бизнес көшбасшыларының талаптары мен стандарттарына сай құрастырылған. «Freelance мүмкіндік» атты екінші бағдарлама қазіргі кезде нарықта сұранысқа ие цифрлық мамандықтарды үйретеді.
Астана тұрғындары дамуға, әрі кәсіби өсуге талпынысты көрсетіп жүр. Азаматтар оқуға, дағдыларға үйренуге, бизнес ашуға қызығушылық танытуда. «JOLTAP» жобасы арқасында 10 мың елордалық жұмысшы және цифрлық мамандықтар бойынша оқып, сертификатталған маман атанады. Жоба мемлекет, бизнес және қоғамның бірлесіп құрастырған тиімді жүйесі болып саналады. Біз жаңа серіктестіктер мен әріптестікке ашықпыз», - деді жоба жетекшісі, Астана әкімінің кеңесшісі Дана Жүнісова.