JOLTAP жобасы: Елордада 8 мыңға жуық азамат қысқамерзімді оқудан өтті
Астанада JOLTAP жобасы бойынша 8 мыңға жуық азамат қысқамерзімді оқудан өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz жобаның әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
«Бүгін біз сіздермен JOLTAP жобасының аралық нәтижелерімен бөлісеміз: 24 мың азамат «Баршаға Мүмкіндік» модульдік пункттеріне барды. 8 мыңға жуық азамат қысқа мерзімді оқудан өтті. Қала кәсіпорындарында 5 мың адам жұмысқа орналастырылды. 1️ мың түлегіміз оқудан кейін өз ісін (ЖК) ашты. Жобаға сенім артқаныңыз үшін алғысымыз шексіз. Жоба командасы күн сайын жоғары сапалы қызмет көрсету үшін жұмыс істеуде», - деп жазылған хабарламада.