Jennifer Lopez-дің концертінде Тазабек көрерменді таңғалдырды
Америкалық әнші Jennifer Lopez-тің концертінде көрермен назарына бұрыннан таныс кейіпкер – Тазабек есімді алып қуыршақты ілікті, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Тазалықтың символына айналған кейіпкер көрермен арасына «Тазалықты қолдасаң, құшақтасайық!» деген жазуы бар арнайы плакатпен келіп, кештің басты кейіпкеріне айналды.
Кешке жиналған қала тұрғындары Тазабекпен қуана суретке түсіп, бастаманы ерекше ықыласпен қолдады. Оны шетелдік қонақтар да ерекше жылы қабылдады.
Экологиялық кейіпкер бұған дейін де түрлі қалалық іс-шарада бой көрсеткен. Оның басты мақсаты – табиғатты қорғау оңай әрі көңілді іс екенін еске салу.