«Jasyl El» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталды
Бүгін елордада «Студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ХIX еңбек маусымының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шараны Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Республикалық студенттік құрылыс және жастар жасақтары қозғалысы» қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр.
Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен осымен 19-шы жыл «Jasyl El» бағдарламасы іске асырылып келеді.
Бөлім басшысының айтуынша, Астана қаласы «Жасыл ел» штабы Республика бойынша еңбек ету және сарбаздарды жұмыспен қамту жағынан оң нәтиже көрсетіп жатыр. Жыл сайын «Жасыл ел» сарбаздары қатарында жұмыс істеймін деуші жастардың саны артып келеді.
Айта кетейік, 2005 жылдан бастап «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары бағдарламасы еліміздің барлық өңірінде және Астана қаласы бойынша жүзеге асырыла бастады.
Іс-шара соңында жиынға қатысушылар кәсіптік техникалық колледж ауласында ағаштар отырғызды.
-->Бүгін елордада «Студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ХIX еңбек маусымының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шараны Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Республикалық студенттік құрылыс және жастар жасақтары қозғалысы» қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр.
Олар қала маңындағы «жасыл белдеуде» ағаш отырғызу, талдар мен көшеттерді қопсыту, көшеттерге күтім жасау жұмыстарымен айналысады. Сонда-ақ қала саябақтарының жасыл желегінің күтімімен айналысып, тазалық жұмыстарын жүргізіп келеді. Биыл «Жасыл ел» еңбек жасақтары қатары 1200-ден 4200-ге артты. Олардың қатарында көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларының балаларын (14 жастан бастап) жазғы уақытта жұмыспен қамту көзделген. Бұл жобаға қатысатын жастардың барлығы арнайы экипировкамен қамтамасыз етіледі, - деді Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Бағдат Атымтай.
Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен осымен 19-шы жыл «Jasyl El» бағдарламасы іске асырылып келеді.
«Жасыл ел» штабы қаламызда елеулі еңбектер атқарып, 14 және 35 жас аралығында жұмыссыз жастар мен студенттерді жазғы еңбек маусымында жұмысқа орналастырып келеді. Олар күн сайын 4 сағат жұмыс істейді. Ал әр айдың соңында 65 мың теңге жалақы төленеді, - деді Бағдат Атымтай.
Бөлім басшысының айтуынша, Астана қаласы «Жасыл ел» штабы Республика бойынша еңбек ету және сарбаздарды жұмыспен қамту жағынан оң нәтиже көрсетіп жатыр. Жыл сайын «Жасыл ел» сарбаздары қатарында жұмыс істеймін деуші жастардың саны артып келеді.
«Jasyl El» бағдарламасы бойынша биыл осымен екінші рет жұмыс істеп жатырмын. Мұнда жаңа орта таптым және жаңа достармен таныстым. Әр ай сайын бізге 64 мың теңге жалақы төленеді. Тапқан табысымды күнделікті қажеттілікке жұмсадым. Сондай-ақ бір бөлігіне ата-анама сыйлықтар сатып алдым. Жаз мезгілімен қоса күзде де жұмыс істедім. Күзде оқумен қатар алып жүруге болады, - деді 1 курс студенті Ислам Айтқалиев.