Елорда жаңалықтары

ІІМ: Екі күн ішінде іздеуде жүрген 280 қылмыскер ұсталды

Ішкі істер министрлігі жоғалған адамдардың орналасқан жерін анықтау және іздеуде жүрген адамдарды ұстау бойынша жедел-профилактикалық іс-шара өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Екі күн ішінде полиция іздеуде жүрген 280 қылмыскерді ұстады. Оның ішінде: 1)кісі өлтіргені үшін – 9;  2)денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін – 4; 3) қарақшылық шабуылдар үшін – 5; 4)тонау үшін – 7; 5)есірткі қылмысы үшін – 19.

Республикадан тыс жерлерде 33 қылмыскер ұсталып, ал басқа мемлекеттердің сұрауымен 145 адам қамауға алынды.