Елорда жаңалықтары

Халықаралық дипломатиядағы әйелдер күніне орай панельдік пікірталас өтті

Maqsut Narikbayev University, Қазақстандағы БҰҰ өкілдігі және Қазақстандық қоғамдық даму институты бірлесіп, Халықаралық дипломатия саласындағы әйелдер күніне орай «Кедергілерді еңсеру: дипломатиядағы әйелдер» атты панельдік талқылау өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараны Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы, Maqsut Narikbayev University мен Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырды. Пікірталас аясында әйелдердің дипломатияға қосқан елеулі үлесін көрсету, өзара тәжірибе мен идеялар алмасу, сондай-ақ осы саладағы гендерлік теңдікті одан әрі ілгерілету стратегиялары талқыланды.

Талқылауға БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори, Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Лич, БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты дискриминацияны жою жөніндегі комитеттің (CEDAW) мүшесі Мадина Жарбосынова, Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстандағы Елшісі Кейтуметси Сейпело Тандека Мэтьюз, ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры Дидар Теменов, сондай-ақ еліміздегі басқа да дипломатиялық корпустың, академиялық ортаның  өкілдері мен студенттер қатысты.

Қатысушылар дипломатия саласындағы әйелдердің елеулі жетістіктері жайлы сөз қозғап, өздерінің кәсіби тәжірибелеріне тоқталып, гендерлік теңдікті нығайтудың нақты стратегияларын ұсынды.

Қазақстандық қоғамдық даму институтының Басқарма төрағасы Нұрбек Матжани өз сөзінде қазақ әйел дипломаттарының жүріп өткен жолы мен отандық дипломатияның негізін салудағы еңбектеріне тоқталды. Оған қоса, Н.Матжани елімізде қызмет етіп жүрген шетелдік әйел дипломаттардың да рөліне баса назар аударып, олардың да дипломатия саласындағы гендерлік теңдіктің нығаюына өзіндік үлес қосып жатқанын атап өтті.

-->

«Ұзақ жылдар бойы әйел елшілердің саны айтарлықтай төмен болған еді. 1968 жылы әйел елшілердің жалпы үлесі 20%-ды ғана құраған. Бүгінгі таңда ірі дипломатиялық қызметтерде әйелдердің үлесі 50-70% аралығында болуға тиіс. Қазақстан осы бағытты ұстанып келеді, өйткені БҰҰ-ға өкіл ретінде ең көп әйел дипломатты тағайындаған ел – Қазақстан.  Осы орайда мен Қазақстанды құттықтай отырып, жергілікті деңгейде де гендерлік теңдікке қол жеткізулеріңізге, яғни гендерлік арақатынастың 50/50 болуына тілектеспін», - деді БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори.  

«Неліктен мұндай елеулі күн университетте атап өтіліп жатыр?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұған бір себеп – ЖОО-ларда «Халықаралық қатынастар» мамандығына ерекше көңіл бөлінеді. Биыл Maqsut Narikbayev University-де осы оқу бағдарламасы бойынша алғашқы түлектер легі диплом алмақ. Бүгін студенттерге атаулы күннің маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік туып отыр», - деп мәлімдеді Maqsut Narikbayev University Басқарма төрағасының орынбасары Айнұр Карбозова.