Елорда жаңалықтары

«Халық қатысатын бюджет»: Нұра ауданында жобаларға дауыс беру басталды

Нұра ауданы тұрғындарынан абаттандыру бойынша 21 бастама түсті. Олардың ішінде ойын алаңдарын жаңартудан бөлек, қосымша жарықтандыру тіректерін орнату, аумақты көгалдандыру және орамішілік жолдарды ұйымдастыру жобалары да бар, деп хабарлады Elorda.info.

Урбанистер мен белсенді тұрғындардан тұратын сараптамалық кеңес дауыс беру кезеңіне 11 жобаны жіберді. Қалған 10 ұсыныс жоба ережесінің талаптарына сәйкес келмеді.

Айта кетейік, биылдан бастап бүкіл ел бойынша жобаларға дауыс беру процесіне өзгерістер енгізілді. Мәселен, Нұра ауданында өтетін абаттандыру жұмыстарына дауысты ауданда уақытша немесе тұрақты тіркеуі бар тұрғындар ғана бере алады.

Сонымен қатар, биылдан бастап eGov mobile қосымшасы арқылы дауыс беру мүмкіндігі қолжетімді болды. Тұрғындар аудан әкімдігінің сайтында авторизация арқылы өздеріне ұнайтын жобаға өз дауыстарын бере алады. Сайтқа 2 минут ішінде ЭСҚ, digital ID, QR-code, логин/пароль арқылы тіркелуге болады.

Ең көп дауыс жинаған жобалық ұсыныстар жаз бойы іске асырылатын болады. Дауыс беру 24 сәуірге дейін жалғасады.

-->