Елорда жаңалықтары

Халық қатысатын бюджет: Нұра ауданында тұрғындар 11 жобаны таңдады

Астана қаласының Нұра ауданында аулаларды күрделі жөндеу бойынша жобалық ұсыныстарға дауыс қабылдау аяқталды. Абаттандырудың үздік жобаларын анықтауға 2 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлады Elorda.info.

Аудандық әкімдіктің хабарлауынша, тұрғындар барлығы 23 ұсыныс жіберген. Дауыс беру кезеңіне урбанистер мен белсенді тұрғындар 11 жобаны құптады. Олардың ішінде аулаларды күрделі жөндеу, орамішілік жолдарды асфальттау және қайта жоспарлау, жарықтандыру тіректерін орнату және аумақты көгалдандыру бойынша жобалар бар.

Келесі кезең - дауыс беруді қорытындылау. Ол 1 мамырға дейін жалғасады.

Жеңімпаз жобаларды іске асыру 15 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады.

-->