Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Астана әуежайында ұсталды
Елорданың халықаралық әуежайында қазақстандық полицейлер Әзірбайжан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген осы елдің азаматын ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ер адам 2022 жылы Бакудегі әлеуметтік үйлерден пәтер алуға көмектесу сылтауымен жергілікті тұрғындардың ақшасын иемденген. Ол Астанадан Душанбеге ұшып кетпек болған. Қазіргі уақытта ол елордалық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды.