Елорда жаңалықтары

ҚХА мүшесі астаналықтарды мерекемен құттықтады

ҚХА мүшесі Хасан Шарипов астаналықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Егемен ел тарихының бастауы болған бұл күннің әрқайсымыз үшін  орны ерекше маңызды. Отанымыздың бағындырған биіктіктеріне қосқан сіздердің де сүбелі үлесіңіз бар. Бәріңізге мықты денсаулық, отбасыңызға бақ-береке тілеймін. Еліміздің туы асқақтап, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын» , - деді ол.