Елорда жаңалықтары

Funny Sport: Астанада спорттық ойын-сауық марафоны басталды

Бүгіннен бастап елордада салауатты өмір салтын насихаттайтын Funny Sport – спорттық іс-шаралар марафоны басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Айтулы іс-шара Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен, екінші жыл қатарынан қалалық спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясының ұйымдастыруымен өтеді.

Іс-шаралар 12 қыркүйек пен 21 қыркүйек аралығында өтеді. Қатысу тегін, жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды. Бағдарлама 8 креативті мастер-класс, жүгіру және эстафеталық жарыстарды қамтиды. Алғашқы күндері спорттық билер бойынша шеберлік сабақтары, флорбол жарысы, скейтбординг пен BMX бойынша сайыстар ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, бағдарламада отбасылық эстафета, балалар жүгіруі, аула ойындары, инклюзивті шеберлік сабақтары және Street Workout бойынша жаттығулар өтеді.

Іс-шаралар кестесі төмендегідей:

• 12 қыркүйек, 17:00-20:00 – Әзірбайжан Мәмбетов көшесіндегі «Арбат – Астана өнер алаңы». Спорттық билер бойынша (Вальс, Танго, Бал билері, Шығыс билері, Брейк-данс) шеберлік сабақтары.

• 13 қыркүйек, 10:00-15:00 – Қажымұқан 9/3 мекенжайындағы Street Hockey алаңы. Флорбол жарысы. Қатысу үшін жобаның ресми сайтына funnysport.asia кіріп, «Тіркеу» батырмасын басу қажет.

• 13 қыркүйек, 15:30-20:45 – Отан қорғаушылар алаңы. Скейтбординг және BMX сайыстары. Қатысу үшін жобаның ресми сайтына funnysport.asia кіріп, «Тіркеу» батырмасын басу қажет.

• 14 қыркүйек, 15:00-17:00 – Орталық саябақ. Отбасылық эстафета.

• 19 қыркүйек, 15:00-17:00 – Триатлон саябағы. Инклюзивті шеберлік сабақтары.

 20 қыркүйек, 09:00 – Орталық саябақ. Балалар жүгірісі.

• 21 қыркүйек, 12:00 – Жастар сарайы гүлзары. Балаларға арналған аула ойындары.

• 21 қыркүйек, 17:00 – Орталық саябақ. Street Workout бойынша шеберлік сабақтары.

Айта кетейік, өткен жылы Funny Sport марафонына 1 500-ден астам қала тұрғыны қатысқан болатын. Биылғы іс-шаралар да кем түспейтіндей жарқын әрі ауқымды болмақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жалпы 1000-нан астам адамның қатысады деп күтіліп отыр.

Қосымша ақпаратты funnysport.asia ресми сайтынан және Instagram парақшасынан (@funnysport.kz) алуға болады. Байланыс телефоны: +7 700 543 85 85.