Елорда жаңалықтары

Есіл өзенінің жағасынан мың келіден астам қоқыс жиналды

«AMANAT» партиясы мен «Жастар рухы» жастар қанаты «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын өткізді. Олар өзен бойындағы қоқыстарды тазарту үшін жиналып, бір тоннадан астам қоқыс жинады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Нұра ауданы әкімдінің хабарлауынша, 50 ерікті бөтелке, пакеттер, қағаздар және басқа да тұрмыстық қалдықтарды жинап, астаналықтардың сүйікті орындарының бірін тазартты.

Қатысушылардың айтуынша, экологиялық шараларға қатысу жақсы дәстүрге айналып келеді.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында Астанада рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою, ағаш отырғызу, құрылыс нысандарынан, бизнес, мектептер, бақ, жоғары оқу орындарының аумағынан қоқыстарды жинау, өзендер мен су айдындарының су бетін тазарту жұмыстары жүргізілуде.