Есіл ауданының әкімі жаңа туған сәбилерді құттықтады
Есіл ауданының әкімі Асылбек Есенбаев өзінің Instagram парақшасында бүгін Есіл ауданына 15 жыл толып отырғанын айта келе, аудан тұрғындарын айтулы күнмен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.
Сондай-ақ Есіл ауданы әкімі ауданда атқарылар шаруалар да жеткілікті екенін, алдағы уақытта да ауданның өркендеуі үшін бар күш-жігерлерін салатынын айтты.
Барлық аудан тұрғындарына зор денсаулық, бақ-береке және толымды жетістіктер тіледі.
-->
-Кеше біз ауданның төл құрдастарына құрмет көрсеттік, жастарымыздың келешегі зор деп білеміз, ал бүгін , таңертеңнен бастап түнде ғана өмір есігін ашқан сәбилерге барып қайттық. Сәбилерді №2 қалалық көпсалалы аурухананың бас дәрігері Нұрбол Тұрсынбаевпен бірге құттықтап, аналарына гүл мен сыйлықтар табыс еттік. Айтулы мерекелерде жаңа туған нәрестелерді алғашқы сағаттарында қошеметтеу бұрыннан бар дәстүр болса, ал бүгін Есіл ауданының 15 жылдығына орай өткізілді.
Осы жылдар ішінде менің ізашарларым – Қайрат Жаңабергенов, Сәбила Мұстафина, Ермағанбет Бөлекпаев, Төлеген Закарьянов, Берік Жәкенов сияқты іскер азаматтармен бірге көптеген шаралар жүзеге асты, әрқайсысы ауданның дамуына сүбелі үлесін қосқаны сөзсіз. 2008 жылдан бастап аудан аумағы мен тұрғындар саны өте қарқынды өсті. Тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру үшін жағдай жасалынып, әлеуметтік нысандар салынуда, саябақтар мен тынымбақтар саны артуда, жолдар мен көшелер абаттандырылуда, - деді Есіл ауданының әкімі Асылбек Есенбаев.
Сондай-ақ Есіл ауданы әкімі ауданда атқарылар шаруалар да жеткілікті екенін, алдағы уақытта да ауданның өркендеуі үшін бар күш-жігерлерін салатынын айтты.
Барлық аудан тұрғындарына зор денсаулық, бақ-береке және толымды жетістіктер тіледі.