Есіл ауданында 4 мектеп салынып жатыр - Жеңіс Қасымбек
Жеңіс Қасымбек Есіл ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесу
5 сағатқа созылды, деп хабарлады Elorda.info.
Қазір біз 14 мектеп салып жатырмыз. Оның 11-ін биыл аяқтаймыз. (Есіл ауданында – 4 мектеп). Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында биыл 90 мың оқушы орнына (2 ауысымды) арналған тағы 24 мектепті жобалауды бастаймыз. Мәселен олардың 15-і Есіл және Нұра аудандарында болады.
Инженерлік инфрақұрылым құрылысына тоқталар болсам, биыл да тіршілікті қамтамасыз ету жүйелеріне қатысты бірқатар нысанның құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Олар қалаға жылу, су, электр және т.б. бойынша қосымша күш береді. Көтерілген мәселелер бойынша орындау кестесін жасаймыз. Проблемалардың бір бөлігін биыл шешеміз, ал қалған бөлігін орындауды келесі жылға жоспарлаймыз. Мұндай кездесулерді тұрақты негізде өткіземіз, сол сияқты елді мекендердің тұрғындарымен кездесеміз. Бұдан бөлек, апта сайын азаматтарды қабылдауды жалғастырамын, - деп жазды Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында.

Кездесуде тұрғын үй кешендерін жаңғырту, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау, әлеуметтік нысандар (әлеуметтік тұрғын үй, медициналық орталықтар, мектептер) салу, тығыз құрылыстар, сумен жабдықтау, жолдар мен тротуарлар, нөсер кәрізін салу, автобустарды іске қосу, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және т.б. мәселелер көтерілді.