«Есіл» ауданы әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті
Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің дәстүрлі жаңа жылдық шыршасы ерекше мерекелік көңіл-күйде өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Іс-шараға 500-ден астам бала қатысып, олардың әрқайсысына жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.
Аудан әкімі Дәрменияр Қыдырбек-ұлы балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, жарқын болашақ пен сәттілік тіледі. Мерекелік шарада балалар үшін түрлі ойындар, қойылымдар және Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен қызықты бағдарлама мен ертегі ұйымдастырылды.