Әкім мектептердің алдағы оқу жылына дайындығын тексерді
Астанадағы Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев аудандағы жөндеу жұмыстары жүріп жатқан бірқатар білім нысандарын аралады, деп хабарлады Elorda.info.
№27 мектеп-лицейінің және №5 мектеп-гимназиясының қосымша құрылысы, сондай-ақ №1 Өнер мектебінің (Абай дағылы, 74/1), №55 орта мектебінің (Ж.Досмұхамедұлы көшесі, 2), №34 орта мектебінің (Тайбурыл көшесі, 23), №23 орта мектебінің (Тайбурыл көшесі, 17) күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары барысын тексерді.
Аудан басшысы аталған нысандарды аралап, ондағы жұмыс барысын қадағалады, кейбір мәселелер бойынша жөндеу жұмыстарына жауапты мердігер ұйым өкілдеріне бірқатар тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, аталған нысандар білім ошақтарына қатысты болғандықтан олардың сапасы мен құрылыс жұмыстарының мерзімді аяқталуына баса назар аударуды тапсырды.
-->№27 мектеп-лицейінің және №5 мектеп-гимназиясының қосымша құрылысы, сондай-ақ №1 Өнер мектебінің (Абай дағылы, 74/1), №55 орта мектебінің (Ж.Досмұхамедұлы көшесі, 2), №34 орта мектебінің (Тайбурыл көшесі, 23), №23 орта мектебінің (Тайбурыл көшесі, 17) күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары барысын тексерді.