Елорда жаңалықтары

Ерлан Каналимов: Тәуелсіздік – болашақ ұрпақ алдындағы үлкен жауапкершілік

Астана қаласы мәслихаты төрағасы Ерлан Каналимов отандастарымызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

«Құрметті елорда тұрғындары мен қала қонақтары! 

Сіздерді арманымыздың асқары, бақытымыздың бастауы болған мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – біздің еркіндігіміздің, қайсарлығымыз бен бірлігіміздің символы, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арман-тілегінің орындалуының айғағы. 1991 жылғы 16 желтоқсан күні «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданып, еліміздің жаңа тарихының жарқын беті ашылды», - деді Е.Каналимов.

Астана қаласы мәслихаты төрағасы  халқымыздың еңбегі мен ынтымағының арқасында жеткен жетістіктеріміз әр қазақстандық үшін мақтан екенін айтты. 

«Тәуелсіздік – бұл тек еркіндік белгісі ғана емес, сонымен қатар болашақ ұрпақ алдындағы үлкен жауапкершілік. Осы асыл құндылықты сақтау және дамыту – баршамыздың ортақ парызымыз. Әр шаңыраққа амандық, бақ-береке және табыс тілеймін. Еліміздің көгінде әрдайым бейбітшілік пен тұрақтылықтың нышаны орнасын!», - деді ол.