Елорда жаңалықтары

Павлодарлық депутаттар Астана қаласы мәслихатының жұмысымен танысты

Астана қалалық мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов өзінің Instagram парақшасында Павлодар облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының елордаға жұмыс сапары туралы жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Айта кетейік, осы жылдың қаңтар айында Астана мен Павлодар облысының мәслихаттары арасында инновациялық жобаларды бірлесіп іске асыруды, тәжірибе, ақпарат алмасуды, тиісті аумақтарда өз құзыреті шегінде ұсыныстар енгізуді және қарауды көздейтін ынтымақтастық туралы бірлескен меморандумға қол қойылған болатын.

-->

«Бүгінгі кездесу тәжірибе алмасуды, іKomek-ке экскурсияны, «Sana» жаңа буын оқушылар сарайын және т.б. қамтыды. Кездесуде Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары талқыланып, бірлескен жобалар туралы ұсыныстар айтылды», - деп жазды Е.Каналимов.