Энергетикалық дағдарыс: Әлішер Құрбанәлиев АЭС –тің қажеттілігі туралы
Астанада өтіп жатқан АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылауға қатысқан Қазақстандық электр энергетикасы қауымдастығы төрағасының орынбасары Әлішер Құрбанәлиев еліміздегі энергия тапшылығы туралы сөз қозғады. Оның айтуынша, ресми мәліметтерге сәйкес, 2031 жылға қарай электр энергиясы мен қуат тапшылығы шамамен 6% - ды құрайды. Бұл туралы Elordainfo.kz Астана қаласы мәслихатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Сонымен қатар, адамдар көмір генерациясынан зардап шегетін Өскемен мен Теміртау үшін экология мәселесі өзекті болып қала береді.
«Иә, әрине, жаңартылатын энергия көздері бар, бірақ мысалы Германияда шамамен бір жарым жыл бұрын екпінді желдің салдарынан энергия қуатымен қамтамасыз етуде мәселелер туындағанын білесіздер ме? Міне, енді салыстырыңыз. Біз көмір электр станциясын сала алмаймыз, өйткені бұл экология. ЖЭК жүйеге көп үлес қосады, яғни бұл қуат көзінен ажырау дегенді білдіреді. Сонда бізде тек гидро электр станциясы қалады. Бізде шамамен 3000 ГВт гидро бар, бұл егер құрылысты дәл қазір қолға алсақ болатын дүние. Ал біз құрылысты тап қазір бастамаймыз. Сонда бізде бір ғана жол бар, ол-атом электр станциясы. Бұл фактілер. Одан ешқайда қашып құтыла алмайсың», - деді Әлішер Құрбанәлиев.
Бұл ретте спикер, егер атом электр станциясы болмаса, энергия тапшылығы артып, электр қуатын өшіру жалғасатынына сенімді.
«Сондықтан біз қалағанның бәрін шешеміз: біз электр энергиясымен өмір сүреміз немесе өмір сүрмейміз», — деп түйіндеді спикер.