Елорданың зиялы қауымы көгалдандыру жұмыстарына атсалысты
Қаланың қалыптасуы мен дамуына жылдар бойы үлес қосып келе жатқан елорда зиялыларының өкілдері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты, деп хабарлады Elorda.info
«Киелі мекен» апталығы аясында қатысушылар «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінің жанына ағаш көшеттерін отырғызды. Бұл шара Елордадағы Нұра ауданының ашылғанына бір жыл толу мерейтойына орай ұйымдастырылды. Шырша көшеттерін отырғызуға Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов, Төлеген Мұхамеджанов, Абай Байгенжин, Надежда Петухова, Мұхтар Төлеутаев және т.б.ардагер азаматтар мен зиялы қауым өкілдері қатысты
Жиналған қауым алдында сөз сөйлеген Нұра ауданы әкімі Жүсіп Жұмағұлов шараға қатысушылар Астананың қалыптасу тарихының куәгерлері ғана емес, қаланың дамуына тікелей үлес қосқан қайраткерлер екенін атап өтті.
Шараға қатысқан Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов келушілерді елордадағы жаңа аудан Нұра ауданының 1 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Елордалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Өмірзақ Озғанбаев бүгінгі шараның болашақ ұрпақ үшін өнегелі іс екенін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртiптiң үлгiсi». «Жасыл аймақ» апталығында ауданда осы күнге дейін 600-ге тарта түрлі ағаштар отырғызылды. Ауқымды абаттандыру жұмыстары көктем мен күз бойы жалғасады.
-->

Қаламыздағы бесінші ауданның құрылуы тек Астананың ғана емес, бүкіл еліміздің дамуының үлгісі әрі дәлелі ретінде қала тарихының жаңа беті болды. Бұл жаңа тараудың басталуына жүздеген ғылымда жүрген ағаларымыздың, дәрігерлердің, құрылысшылардың, саясаткерлердің, мұғалімдердің және өз саласының басқа да мамандарының еңбектері зор болды», - деп атап өтті аудан әкімі Ж. Жұмағұлов.
Шараға қатысқан Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов келушілерді елордадағы жаңа аудан Нұра ауданының 1 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Уақыт деген жылдам. Бүгін қаламыздағы бесінші аудан болып ашылған Нұра ауданының құрылғанына да бір жыл болып қалыпты. Соған орай бүгін аудан әкімі бастап, елордалық зиялы қауым мен ардагерлердің басын қосып сенбілік ұйымдастырып жатыр. Бұл қолдауға тұрарлық игі бастама деп санаймын. Бүгінгі аллеяға ағаш отырғызу шарасына Астананың алғаш іргетасы қаланған жылдардан бастап еңбек етіп, бұл күнде зейнеткерлікке шықса да қаланың қоғамдық жұмыстарына белсене атсалысып жүрген азаматтар келіп отырмыз. Негізігі себеп сенбілік болғанымен замандастар бір-бірімізді көріп, қауышып қуанып жатқан жаймыз бар. Сонымен қатар қаламызды көгалдандыру ісіне өз үлесімізіді қосып жатқанымызға риза болып тұрмыз,- деді С. Есілов.
Елордалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Өмірзақ Озғанбаев бүгінгі шараның болашақ ұрпақ үшін өнегелі іс екенін атап өтті.
Бүгін ауа-райы да жарқырап әдемі болып тұр. Осы күні қаланың бір топ ардагерлері ағаш отырғызып қаланың сәніне сән қосатын бір қадам жасап жатыр. Мына отырғызып жатқан мәңгі көгеріп тұратын шырша ағаштары секілді Астанамыз да көктеп көгере берсін деп тілек айтқым келеді. Бүгінгі Нұра ауданы әкімдігі ұйымдастыруымен біз сияқты алдыңғы толқын аға буынның ағаш отырғызып жатқандығы ертеңгі болашақ үшін тәрбиелі, өнегелі іс болады деп санаймын,- деді ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі Ө. Озғанбаев.