Елорданың үздік тауары таңдалады
Астана қаласы бойынша «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы 5 шілдеде өтеді. Байқауға 100-ге жуық елордалық компания өтінім берді, деп хабарлады Elorda.infо
Байқауда төмендегі үш номинация бойынша үздік тауар өндірушілер таңдалады:
«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;
«Халыққа арналған үздік тауарлар тауарлар»;
«Үздік азық-түлік тауарлары».
Әр номинация бойынша 3 жеңімпаз анықталады.
Өңірлік іріктеудің жеңімпаздары ҚР Президентінің қатысуымен өтетін республикалық байқауға жолдама алады.
Көрме-байқау қонақтарына концерттік бағдарлама және бағалы сыйлықтар ұтысы ұйымдастырылып отыр.
Сондай-ақ, байқауда алғаш рет «Елорда базары» шығыс жәрмеңкесі аясында жергілікті шикізаттан өндірілген «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысушылардың өнімдері ұсынылады. Елорданың үздік қолөнершілері этно стиліндегі топтамалар, қыш, металл, киіз және жібектен жасалған бұйымдар, зергерлік бұйымдар мен кәдесыйларды көпшілік назарына ұсынылмақ. «Бір ауыл – бір өнім» жобасына барлығы 72 адам қатысады.
Өтетін күні мен орны: 5 шілде, EXPO халықаралық көрме орталығы, Мәңгілік ел даңғылы, 53/1.
Көрмелер сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.
-->Байқауда төмендегі үш номинация бойынша үздік тауар өндірушілер таңдалады: