Елорда жаңалықтары

Елорданың Сарыарқа ауданы жылыту маусымына 93% дайын

Астананың Сарыарқа ауданында алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары аяқталуда, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Коммуналдық қызметтер мен қызмет көрсету ұйымдарымен бірлесе отырып, жылу алмастырғыштардағы қазандықтарды ауыстыру, жаңа крандарды орнату, сондай-ақ жылу тізбектерін шаю және қысымды сынау сияқты ауқымды жұмыстар жүргізілді. Қазір алдағы жылыту маусымына дайықтық көрсеткіші 93%-ды құрайды.

«Дайындық шаралары көктемде басталды. Барлық жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде. Аудан әкімдігінің қызметкерлері «Астана-Теплотранзит» АҚ-пен бірлесіп, күнделікті тұрғындармен жиналыстар өткізіп, дайындықтың ағымдағы жай-күйін және қысқы кезеңге дайындық бойынша алдағы іс-шараларды түсіндіруде», - деп көрсетті аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, құбырларды жөндеу және басқа да дайындық жұмыстары үй иелерінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Осыған байланысты, тұрғындар дайындық жұмыстарын уақтылы орындап, ортақ мүлікті күтіп ұстау және жөндеу бойынша қажетті қаражат жинауға белсенді қатысуы керек.