Елорданың қоғамдық көлік паркі 10 автобуспен толықты
Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Жеке тасымалдаушы «№7 автобус паркі» ЖШС жылжымалы құрамы «Yutong» маркалы 10 жаңа автобуспен толықты. Автобустардың жетеуі бағдарларға қосылды. Автобус паркі өткен жылы 10 жаңа автобуспен толықты, осы жылдың басынан «Higer» маркалы тағы 10 автобус сатып алынды. Барлығы 30 жаңа автобус бар. «№7 автобус паркі» № 2, № 11, № 26, № 47, № 48 бағдарларына қызмет көрсетеді. 5 бағдар бойынша 75 автобус жүреді», - деп жазылған хабарламада.
Жалпы Астана қаласында 8 автобус паркі бар.