Елорданың білім беру ұйымдарында спорттық акция өтті
Елорданың барлық білім беру ұйымында Республика күніне орай «Спорт, денсаулық, дене шынықтыру» атты акция өтті, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Акцияға білім беру мекемелерінің оқушылары, олардың ата-аналары, ұстаздары қатысты.
Акция бағдарламасында жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға жұмылдыру бойынша түрлі спорттық жарыстар, спорт ойындары, турнирлер, тақырыптық диспуттар, әңгіме, шығармалар, эссе, сурет, плакат, буклет байқаулары болды.
Акцияның жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ белсенді қатысушылар Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар-жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының» грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
-->