Елорданың Байқоңыр ауданында жеке тұрғын үй өртеніп кетті
Елорданың Байқоңыр ауданында жеке тұрғын үй өртеніп кетті, деп хабарлады Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Түнде елордалық гарнизонның 112 пультіне Байқоңыр ауданындағы А. Сембинов көшесінде орналасқан үйлердің бірінің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Көрсетілген мекен-жай бойынша келген өрт сөндірушілер бір қабатты жеке тұрғын үйдің шатыры мен төбе жабынының өртеніп жатқанын анықтады», - делінген министрліктің хабарламасында.
Құрылыс арасында өртке қарсы арақашықтықтың сақталмағанына қарамастан, өрт сөндірушілер жалынды оқшаулап, үйге жанаса салынған шаруашылық мақсаттағы құрылыстарды өрттен қорғады.
Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.