Елорданың «Алматы» ауданының белсенді тұрғындары аумаққа тазалық жүргізді
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында елорданың «Алматы» ауданында аумақты санитарлық тазалауға және абаттандыруға бағытталған экологиялық іс-шара өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Іс-шараға ауданның 20 белсенді тұрғыны мен 8 волонтер, сонымен қатар «Алматы» ауданы әкімдігінің өкілдері қатысты. Барлық қатысушылар жоғары азаматтық жауапкершілік пен туған ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға жеке үлес қосуға дайын екендіктерін көрсетті.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында белсенді тұрғындармен және еріктілермен бірлесіп, ауданымыздың қоғамдық аумақтары тазартылды. Осылайша, белсенді тұрғындар қалалық жайлы ортаның орнауына және таза болашаққа өз үлестерін қосты», - деді Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімі аппаратының қызметкері Сабыр Әмір.