Елорда жаңалықтары

Елордалық полицейлер алаяқтықпен айналысқан әйелді ұстады

Интернет арқылы концертке билет алмақ болып, ақшасынан айырылған Астана мен Алматы тұрғындары полицияға арызданды, деп хабарлады Elorda.info.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Сарыарқа ауданы ПБ полиция қызметкерлері Семей қаласының 32 жастағы тұрғынын анықтады. Әйел OLX хабарландыру қызметін пайдаланып, әйгілі ресейлік әншілердің концерттеріне билет сатқан. Келтірілген шығын 10-70 мың теңгені құрады.

Шарт бойынша сатып алушы төлемді мобильді қосымша арқылы жіберуі керек болған. Ал билет сатушысы оларға жалған өткізу QR кодтарын жіберген. Алаяққа алданған азаматтар соңында концертке кіре алмаған.

-->

«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Елорда аумағында жасалған осыған ұқсас фактілерге қатыстылығы тексерілуде. Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға, бейтаныс адамдарға ақша бермеуге, күмәнді ұсыныстарға сенбеуге кеңес береді», - делінген ведомство таратқан хабарламада.