Елорда жаңалықтары

Елордалық полицейлер фотосалоннан ұрлық жасаған күдіктіні ұстады

Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері фотосалоннан ұрлық жасады деген күдікпен 53 жастағы ер адамды анықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Белгілі болғандай, полицейлерге сауда нүктесінің қызметкері хабарласып, салон ішінде белгісіз біреудің кәсіби фотоаппаратын ұрлап кеткенін айтқан.   

Тәртіп сақшылары жұмысының нәтижесінде, ер адамның Абылай хан даңғылындағы фотосалонға келгені анықталған. Сатушының жоқтығын байқаған күдікті қылмыстық ниетпен, фотографтың құнды камерасын, сонымен қатар витринадан бірнеше фотоальбомдарды жымқырып кеткен. Ол ұрланған заттарды алдағы күндері сатуды көздегені белгілі болды.  

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

-->