Елорда жаңалықтары

Елордалық полицейлер дүкен тонаған тұрғынды ұстады

Астаналық полицейлер таңертең шағын дүкен сатушысынан ашық түрде энергетикалық сусын тонаған қала тұрғынын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады, деп хабарлады Elorda.info.

Қылмыскер тоқтатуға әрекет жасаған күзетшіні қағып, пышақпен қорқытып, ізін суытқан.

Сарыарқа аудандық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері дереу күдіктінің ізіне түсіп, бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 27 жастағы жігітті ұстады.

Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарды заңсыз әрекеттерге барған жағдайда дереу полицияға хабарласуды, қауіпсіздік мақсатында қылмыскерлерді ұстауға өз бетінше шара қолданбауды ескертеді.

-->

Тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда, - делінген хабарламада.